![]() |
![]() |
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Сырмақ» ұлттық қол өнер студиясының тәрбиеленушілері 17 ақпаннан 11 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен VI-ші ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу және сән-қолданбалы өнер конкурсының жеңімпаздары атанды.
Аталмыш конкурс балалардың көркем шығармашылығын насихаттауға, дарынды балаларды анықтап, қолдауға, шығармашылық және педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған. «Менің таңғажайып әлемім» «Сәндік – қолданбалы өнер» номинациясында Адуова Жансая 1-ші орын, Жолдасбек Аянат және Еркасова Дильназ 2-ші орынға, Мукатова Амира, Қадыр Мариям, Нурлан Камила 3-ші орынға ие болды.
Ахметова Зинира, Апушева Дильназ, Дүйсенғали Аружан, Дюсенғали Гаухар «Қызықты жұмыстар» номинациясы бойынша дипломға қол жеткізді.
«Сырмақ» студиясының жетекшісі Жагслах Дәуірбек жеңімпаздарды дайындаған үшін дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!