Балалық шақтың мерекесі

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 03.06.2019 10:27
Праздник детства Праздник детства
Праздник детства Праздник детства

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы балаларды қорғау күніңде балалар мен жастар оркестрлерінің дәстүрлі шеруіне қатысты. Сарайымыздың шығармашылық ұжымдары, студиялары мен клубтарынан 250 тәрбиеленушілері Ертіс жағалауында алдыңғы қатарда сапқа тұрып шеруден өтті. «Алға, Қазақстан!» атты танымал әннің сүйемелдеуімен әдемі киімдерін киген оқушылар жаңадан би қойылымдарынан құралған шеруді паш етті.

Праздник детства Праздник детства
Праздник детства Праздник детства

Сонымен қатар бұл күні Оқушылар сарайының алаңында көңілді мереке ұйымдастырылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мерекеге жиналаған қонақтар сайыстарға қатысып, сурет салып, ән айтты, би биледі. Балалар халқымыздың «Асық ату», «Хан талапай», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын ойнады. Мерекенің соныңда би флешмобы болды.