![]() |
![]() |
Оқушылар сарайында «Күзгі ертегі» атты дәстүрлі бейнелеу көрмесі өтті. Аталмыш көрмеде «Сымбат» және «Палитра» студияларының 70-ке жуық жұмыстары ұсынылды.
- Жас суретшілер әр түрлі техниаларда жұмыстар дайындады, - дейді «Палитра» бейнелеу студиясның жетекшісі Васелина Дмитриева, - Балалар табиғи гүлшоқтарына суреттеп, фетр мен фоамираннан «Күз молшылығы» атты пуантилизм техникасында натюрморттар жасады. Балалар күзгі табиғатты бақылап, әр түрлі түстерді алмастырып, эскиздер жасап көрмеге қызу дайындалды.
5-6 жас аралығындағы топтың оқушылары өз жұмыстарымен таң қалдырды, – дейді «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Каркавина. – Балалар аппликация техникасында пластмасса қасықтар мен ермексаздарды қолдана отырып «Соленье-варенье» атты бұйымдарды жасады. Өз қолдарымен жасаған жұмыстарын «Күзгі таудағы жануарлар» деп атады. Көрме жұмыстарында қанық түстер көп байқалды.