Балалар Жеңісті бейнелейді

Категория: Эстетика бөлім
Жарияланды: 17.05.2016 13:23
Дети рисуют Победу Дети рисуют Победу
 

Жыл сайын 5 мамыр күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Жеңіс күніңе арналған сурет  көрмесі ұйымдастырылады.

Оқушылар сарайының «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының тәрбиеленушілері  көрмеге қатысты. Бейнелеу, графика және бейнелеудің дәстүрлі емес әдістерінің  техникасында салынған 22 көркем шығармашылық жұмыстар аталмыш көрмеге ұсынылды. Студия жетекшілері  Елена Каркавина мен  Васелина Дмитриеваның айтуы бойынша жас суретшілер өз суреттерінде сұрапыл соғысты сомдап, майданға қатысқан батыр аталар бейнесін салды.  Көрмеде Павлодар қаласының №№5,38,39, №3 дарынды балаларға арналған гимназия мектеп оқушылары, Политехникалық колледж және Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері болып қайтты. Көрменің ашылуында 350 адам болды.