«Татулық тірегі, достық дәнекері»

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 29.04.2016 10:49
«Татулық тірегі, достық дәнекері» «Татулық тірегі, достық дәнекері»
«Татулық тірегі, достық дәнекері» «Татулық тірегі, достық дәнекері»

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулық тірегі, достық дәнекері» тақырыбына арналған бейнеролик және тұсаукесерлердің облыстық дистанциялық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі Оқушылар сарайында 28 сәуір күні өтті.

Аталмыш шығармашылық сайыста Ақсу, Павлодар қалалары және Ақтогай, Ақсу, Баянауыл, Железин, Ертіс, Шарбақты аудандарынан 25 жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары және тәрбиеленушілері қатысты. Конкурстық жұмыстар мына тақырыптар бойынша ұсынылды: «Интернационалды отбасы», «Қазақстан халықтарының мәдениеті,салт-дәстүрлері», «Қазақстан халқының ерлігі мен достығына байланысты Павлодар облысының атаулы, ескерткіш орындары». Қазылар алқасы 44 конкурстық жұмыстардан үш жас тобына қарай үздік жұмыстарды таңдап алды. Олар конкурс талаптарына сәйкес болып, пайдаланған сюжеттің өзгешелігімен, жаңашылдығымен, ұсынылған ақпараттың шынайылығымен және тарихи құндылығымен,эмоциалық сенімділігімен ерекшеленді.

Қазылар алқасының құрамында Білім беру және тәрбиені дамыту инновациялық орталығының және М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының мамандары енді.

Итоги конкурса (скачать)