Оқушылар сарайының жыл педагогы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 26.11.2015 21:59

Педагог года Дворца школьников Педагог года Дворца школьников

«Қосымша білім берудің ең үздік педагогы» атты облыстық жоба аясында өткен, «Оқушылар сарайының ең үздік педагогы» байқау-конкурсының қортындысы бойынша «Луч» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Даулет Бейсембайұлы Даирбаев атанды.

Сарайдың үлгілі педагогын екі кезең бойынша анықтады. Жарыстың бірінші кезеңі сырттай өтті: портфолио дайындау және эссе жазу болды.

Екінші кезең «Педагогикалық шеберліктің қоржыны» педагогтар өз жұмыстары туралы ауызша сөз сөйлеп, ашық сабақтар берді.  

Байқауға клуб пен студиялардың 8 жетекшілері өтініштерін тапсырды.

Даирбаев Даулет Бейсембайұы  – «Луч» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі;
Каркавина Елена Александровна – «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі;
Баубекова Гүлнар Қайырболатқызы – «Антарес» жас астрономшылар клубының жетекшісі;
Сүлейменова Самал Сағатқызы – «Ровесник» жоғары сынып оқушыларының клуб жетекшісі;
Аипова Әсем Серікқызы – «Қаламгер» баспа-орталығының жетекшісі;  
Лапухина Галина Александровна – «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің жетекшісі;  
Рспаева Бейбігүл Бейсембекқызы – «Знайка» үйірмесінің жетекшісі;
Бейсебаева Жұлдыз Рамазанқызы – «Дамыту» үйірмесінің жетекшісі.

Қазылар алқасы ұпай сандарын анықтаған соң, келесі қорытындыларды шығарды:
I   орын - Даирбаев Даулет Бейсембайұлы
I I орын -Сүлейменова Самал Сағатқызы
III орын – Рспаева Бейбігүл Бейсембекқызы.

Даулет Даирбаев «Қосымша білім берудің ең үздік педагогы» атты облыстық жобасының  қатысушысы атанады.