Қашыр ауданында қонақта

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Қашыр ауданында қонақта Қашыр ауданында қонақта

9 сәуір күні Оқушылар сарайының тыным таппайтын мұғалімдері Қашыр ауданына әдістемелік көмек көрсету мақсатымен жол тартты. Бәрін бастап алып барған, Мельник Людмила Владимировна – әдістемелік бөлім меңгерушісі. Людмила Владимировнамен бірге Қашырға әдіскерлер Ашенова Бағлан Ердынбаевна, Юрченко Марина Владимировна, Алпысбай Мадина Бахытқызы, қосымша білім беру педагогтері Вайберт Елена Валентиновна мен Гречанова Валерия Олеговна және №40 мектептің аға тәлімгері Маракина Надежда Николаевна барды.

Қашыр ауданында қонақта Қашыр ауданында қонақта

 

Олар Қашыр ауданы «Жас Ұлан» БЖҰ жұмысымен танысты, балалар қозғалысының дамуына үлес қосып келе жатқан мұғалімдер мен оқушыларды марапаттады. Және де шебер-сыныптар өткізді. Шебер-сыныптар балалар журналистикасы, көшбасшылық, патриоттық бағыттар бойынша және әдеби шығармашылық пен көркем-сурет тақырыбында өткізілді. Іс-шараға барлығы 100-ден астам бала қатысты.