|
|
Балаларыңыздың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізгіңіз келе ме?
Сіздерді М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының жазғы үйірмелеріне шақырамыз!
Жаз бойы 6 мен 17 жас аралығындағы балаларды үйірмелерге қабылдау жүргізіледі. Балаңызға жаңа қызығушылықтар, жаңа достар және жарқын әсерлер сыйлаңыз!
ЖАЗ БОЙЫ ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕР:
• Хореография — қимыл-қозғалыс, икемділік және ырғақ әлемі.
• Вокалдық шеберлік — ән айту қабілетін дамыту.
• Аспапта орындау өнері — музыкалық қабілеттерді жетілдіру.
• Астрономия — ғарыш пен жұлдызды аспан құпиялары.
• Экология — табиғатты тану және қоршаған ортаны қорғау.
• Техникалық модельдеу — жас өнертапқыштар мен инженерлерге арналған бағыт.
• IT бағыты — цифрлық технологиялар әлеміне алғашқы қадам.
СОНЫМЕН ҚАТАР АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕГІ ҮЙІРМЕЛЕР ДЕ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ:
• Ағылшын тілі — сөйлесу дағдыларын дамыту.
• Хореография және Вокал — қарқынды оқу бағдарламалары.
• Шаштараз өнері — ерте жастан сән мен шеберлікке баулу.
• Мектепалды даярлық — мектепке сенімді қадам жасаудың тиімді жолы.
Үйірмелер туралы өзекті ақпаратты мына жерлерден ала аласыз:
1. Оқушылар сарайының ресми сайтынан — dshk.kz
2. Mindal24.kz платформасынан
3. Оқушылар сарайының фойесіндегі ақпараттық стендтерден
Тегін үйірмелердегі орын саны шектеулі!
Сіздерді және балаларыңызды асыға күтеміз!