Жұбан мен Жұмекен – рух пен ерліктің жыршылары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Жубан и Жумекен — голос эпохи и дух народа Жубан и Жумекен — голос эпохи и дух народа
Жубан и Жумекен — голос эпохи и дух народа Жубан и Жумекен — голос эпохи и дух народа

2025 жылдың 23 қазан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жұбан Молдағалиев пен Жұмекен Нәжімеденов – дәуір үні, ел рухы» атты әдеби-патриоттық сағат өтті. Шара Қазақстан Республикасының күніне арналды.

Жубан и Жумекен — голос эпохи и дух народа Жубан и Жумекен — голос эпохи и дух народа 

Әдеби кештің шымылдығы «Мұрагер» үлгілі домбыра ансамблінің орындауындағы «Дала рухы» күйімен түрілді. Ұлт рухын асқақтатқан бұл әуен көрермен көңілін тебірентіп, шараның мазмұнды да әсерлі өтуіне әдемі үн қосты.
Іс-шара барысында «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ғалия Балтабайқызы Сұнғатова мен Бақыт Қашенова қатысушыларға жүрекжарды тілектерін арнап, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін қастерлеуге шақырды.
Кеште «Республика күні – Тәуелсіздікке бастаған қадам» атты презентация ұсынылып, онда еліміздің егемендікке жету жолындағы тарихи белестер мен Жұбан Молдағалиев пен Жұмекен Нәжімеденовтің Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары кеңінен таныстырылды.
Арнайы шақырылған қонақ — Ақсу қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, ақын Алтынбек Елемесұлы сөз алып, қос ақынның шығармашылық мұрасының жас ұрпақ үшін мәңгілік өнеге екенін атап өтті.
Іс-шара мазмұндық тұрғыдан бай, тәрбиелік мәні зор деңгейде өтіп, оқушылардың бойында патриоттық рух пен елжандылық сезімін нығайтуға ықпал етті.
Шараның ұйымдастырушысы – Оқушылар сарайының мұражай жетекшісі Б.С. Аралбаева,
«Аққу» және «Мирас» облыстық жобаларының үйлестірушісі М.Б. Темірбулатова.