Облыстық семинар: «Мектеп парламенті: бастамадан іс-әрекетке дейін»

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной семинар: «Школьный парламент: от инициативы к действию» Областной семинар: «Школьный парламент: от инициативы к действию»
Областной семинар: «Школьный парламент: от инициативы к действию» Областной семинар: «Школьный парламент: от инициативы к действию»

16 қазан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында координаторлар, әдіскерлер және аға тәлімгерлерге арналған «Мектеп парламенті: бастамадан іс-әрекетке. Оқушы өзін-өзі басқаруының рөлі мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар мектептегі өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызын, тиімді жұмыс істейтін форматтарды және оқушыларды белсенділікке ынталандыру жолдарын талқылады.
Облыстың әр өңірінен келген спикерлер өз тәжірибелерімен және табысты тәжірибелік мысалдарымен бөлісті.
Елена Проскурякова (Железин ауданы) заманауи мектеп парламентінің үлгісін таныстырса, Айнұр Шакилова (Аққулы ауданы) өзін-өзі басқару жүйесінің оқушының тұлғалық дамуына әсерін атап өтті.
Дана Сыздыкова (ЦВР «Радуга») оқушылардың бастамаларын нақты жобаларға айналдырудың тиімді тәсілдерін ұсынды, ал Айдана Шақырман (Баянауыл ауданы) мектеп парламентіндегі экологиялық фракцияның жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа идеялар мен шешімдерді талқылады.
Іс-шара мазмұнды, кәсіби және шабытты өтті — әр қатысушы мектеп парламентінің жұмысын жетілдіруге арналған тың ойлармен оралды.