«JasREPUBLIC CUP» облыстық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті!

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной турнир «JasREPUBLIC CUP» завершился! Областной турнир «JasREPUBLIC CUP» завершился!
Областной турнир «JasREPUBLIC CUP» завершился! Областной турнир «JasREPUBLIC CUP» завершился!

Облыс мектептерінің ең үздік жас шешендері мен ойшылдары бас қосқан бұл турнир пікірталас мәдениетін дамытып, жас буынның азаматтық көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

Областной турнир «JasREPUBLIC CUP» завершился!  Областной турнир «JasREPUBLIC CUP» завершился!  

Турнирдің басты мақсаты – оқушылардың сыни және креативті ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, дәлелмен сөйлеуге үйрету, сондай-ақ көшбасшылық пен командалық жұмыс дағдыларын нығайту.
Пікірсайыс – тек жарыс емес, бұл – болашақ белсенді азаматтарды тәрбиелейтін, жауапкершілік пен парасаттылыққа баулитын ерекше мектеп.
Биылғы «JasREPUBLIC CUP» облыстық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтіп, онда өңірдің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары өз білімдері мен шешендік қабілеттерін сынға салды.
 Нәтижесінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Қазақ лигасы бойынша:
"Qazaq Mind" — Экибастұз қаласы мен Баянауыл ауданының құрама командасы
"Жалын" — Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты
"Батулиндік Токсин" — ОМЛИОД
Орыс лигасы бойынша:
"Монополисты" — Павлодар қаласының құрама командасы
"Mean Girls" — Ш.Шокин атындағы мектеп командасы
"Бурундучата" — Павлодар қаласы
Барлық қатысушыларды белсенділігі мен шешендік өнері үшін құттықтаймыз!
Мұндай турнирлер — жас ұрпақтың тұлғалық дамуына, пікір білдіру мәдениетінің қалыптасуына және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге жол ашады.