![]() |
![]() |
Бүгін М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысының қосымша білім беру ұйымдарының жас мамандары мен әдіскерлеріне арналған облыстық қорытынды семинар-практикум өтті.
«Бір жол – екі энергия: тәжірибе мен жаңалық» тақырыбында өткен бұл шарада бір алаңда тәлімгерлер мен жас педагогтер бас қосып, өзара бірлескен жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
Семинар тәжірибе алмасу, кәсіби әлеуетті ашу және тәлімгерліктің озық тәжірибелерін көрсету алаңына айналды. Шеберлік сыныптар, интеллектуалдық ойындар мен шығармашылық қойылымдар форматында қатысушылар педагогикалық тәжірибе мен жас мамандардың қуаты қалай үйлесімді тоғысатынын көрсетті. Келтірілген мысалдар жас педагогтің алғашқы жылдарындағы қолдаудың, бағыттаудың және кәсіби өзара әрекеттестіктің маңыздылығын айқын дәлелдеді.