![]() |
![]() |
14 қаңтар күні М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында 0-ден 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары үшін облыстық семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тәрбиелік жұмысты жетілдіру және жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Семинар барысында педагогтер тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Тәрбиелік процестегі кешенді көзқарас, ұлттық құндылықтарды насихаттау және мектеп, отбасы мен бала арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту тақырыптары басты назарда болды. Іс-шарада кітапхана жобалары арқылы оқу мәдениетін қалыптастыру, шағын білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату сияқты маңызды мәселелер қамтылды.
Жас мамандар үшін ұйымдастырылған шеберлік сабақтары оларға тәжірибеде қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдерді көрсетті. Семинар барысында педагогтар ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тәрбиелік иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығын да ерекше атап өтті.
Шараның қорытындысында оқушылар сарайының әдіскері Аксана Фрик бұл семинардың жас мамандар үшін тек кәсіби өсу алаңы ғана емес, шабыттандыру мен қолдау көрсететін маңызды орта болғанын атап өтті. Педагогтердің пікірінше, мұндай кездесулер жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы ізденістер мен идеяларды біріктіруге мүмкіндік береді.
Облыстық семинар қатысушылары үшін білім беру процесі мен тәрбиелік жұмыстарды одан әрі жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашып, шығармашылық әлеуетін дамытуда жаңа серпін берді.