Оқушылар сарайында жас бизнесмендер мектебі өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Школа юного бизнесмена прошла во Дворце школьников Школа юного бизнесмена прошла во Дворце школьников
Школа юного бизнесмена прошла во Дворце школьников Школа юного бизнесмена прошла во Дворце школьников

2024 жылы 27 наурызда М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Бала бизнес» облыстық жобасының жеңімпаздарына жас бизнесмен мектебі ұйымдастырылды. Оқыту бағдарламасына бизнес-тренерлердің, коучерлердің тренингтері, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Экономика» кафедрасы оқытушыларының, сондай-ақ ақпараттық технологиялар колледжі оқытушыларының дәрістері енгізілді. 

Школа юного бизнесмена прошла во Дворце школьников Школа юного бизнесмена прошла во Дворце школьников 

Бизнес-жоспарды қалай дұрыс және сауатты жасаулды, өз бизнесін көпшілікке таныстыру бойынша э.ғ.к., «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Экономика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Золотарева Светлана Витальевна қызықты коучинг өткізді.  
«Intellect Academy» SMM агенттігінің менеджері, онлайн/офлайн курстарының әдіскері және оқытушысы Мищенко Наталья Александровна «Инстаграмдағы бизнес» атты шеберлік сабақ өткізді.  Ол «Жаңа мүмкіндіктер», сіздердің бизнесіңіздің назарға алынуы және сұранысқа ие болуы үшін инстаграмдарды қалай дұрыс жүргізу керектігі жөнінде көптеген қызықты нәрселер ұсынды.  
«Бизнес-идеяларды таңдау» тақырыбымен Ақпараттық технологиялар колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы, магистр Бегембетов Дамир Мұхтарұлы таныстырып, MVP құру туралы толық айтып берді.
Бұл мектеп аясында  оқушылар бизнес-жоспар құру бойынша дағдыларға ие болды.  Талдау және болжау, бизнес-идеяларды дұрыс таңдай білу, инстаграмды дұрыс жүргізу, кәсіпкерлік қызмет стратегиясына өз көзқарасын қалыптастыра алды. Сондай-ақ, жас бизнесмендерге жағдайдың дұрыс жауабы мен шешімін табуға тиіс болған жағдаяттық сұрақтар ұсынылды.
-Жоба облыс оқушыларының көптеген қызықты бизнес-идеяларды ұсынатынын көрсетті. Балалардың кіші жасына қарамастан, олардың жоспарлары мен алдына қойған мақсаттары бар. Барлық жобалар өте өзекті, сонымен қатар елдің экономикалық және экологиялық қажеттіліктері ескерілді, - дейді жобаның үйлестірушісі Аксана Фрик.