Үздік тәлімгерлер жасағы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Үздік тәлімгерлер жасағы Үздік тәлімгерлер жасағы
Үздік тәлімгерлер жасағы Үздік тәлімгерлер жасағы

6 наурыз күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Павлодар облысында балалар қозғалысын дамытуда аға тәлімгердің маңыздылығын атап өтуге арналған «Үздік тәлімгерлер жасағы» облыстық байқауы өтті.

Барлық аудандардан келген 80 астам аға тәлімгерлер отрядтары өздерінің ерекше бағдарламаларын ұсынды. Олар «Балалық шақтың кеңесшісі» және «Креатив Life» сияқты номинациялар бойынша бақ сынасты. Әр команда ұйымдастырушылық және шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Бұл іс шара барлық қатысушылар мен көрермендер үшін есте қаларлықтай өтті.
-Бұл байқау аға тәлімгерлер жұмысының маңыздылығын атап қана қоймай, барлық қатысушылар үшін  жұмыстарына шабыт пен шығармашылық сыйлады, - деді «Жас Ұлан» ББЖҰ жауапты хатшысы Айжан Оразбаева.