Мұражайда әрқашан қызықты

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

В музее всегда интересно В музее всегда интересно
В музее всегда интересно В музее всегда интересно

31 қаңтарда Оқушылар сарайының мұражайында «Жаңа экскурсияны дайындау технологиясы» тақырыбында жас экскурсовод мектебінің сабағы өтті. Аталмыш іс-шараға № 7, 21, 24, 29 және Павлодар қаласының А.Байтұрсынов ат. ЖОМ-нің оқушылары қатысты.

Жас экскурсоводтар кез-келген жаңа экскурсияны дайындау үшін оның мақсатын нақты анықтаудан басталатынын білді. Бұл экскурсия авторларына болашақта жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Экскурсияның мақсаты - отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке баулу, эстетикалық тәрбие беру, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту, ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларында қосымша білім алу болып табылады.  
-Біз экскурсияның құрылымын зерделедік. Экскурсия жетекшісі қандай болуы керек, жаңа экскурсия жасау үшін қандай білім қажет екенін білдік.  Сондай - ақ бізге мұражай экспозициялары бойынша шағын экскурсия жасауға мүмкіндік берілді және алған білімдерін бекіту үшін тарихи деректер ұсынылды, - деп бөлісті А. Байтұрсынов ат. ЖОМ оқушысы Аурика Тумаренко.
Іс-шара барысында «Жаңа экскурсияны дайындау технологиясы» атты презентация көрсетілді.
- Әр топқа мұрағаттық құжаттар берілді, соның арқасында балалар тарихи деректерді зерттеп, «Ардагер - аталар, немерелер - іззертегіштер» мұражайының экспозицияларын ауызша таныстыра алды. Сабаққа қатысушылар өздері экскурсия өткізіп, жас экскурсовод мектебінің маңыздылығын атап өтті, - деді Бахыт Аралбаева.