Оқушылар сарайында ерлік сабақтары өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Урок мужества» прошел во Дворце школьников «Урок мужества» прошел во Дворце школьников
«Урок мужества» прошел во Дворце школьников «Урок мужества» прошел во Дворце школьников

24 қаңтарда М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының мұражайында «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағымен бірлесіп павлодарлық оқушыларға «Ерлік сабағы» өткізілді.

«Майдан жолы» отрядының іздестірушісі, командирдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағзұмов Нұркеш Телианұлы отрядтың жұмысы туралы презентация ұсынды. Сабаққа № 7 ЖОМ, №39 ЖОМ, №34 ЖОМ және №43 ЖОМ оқушылары қатысты. Фильм көрсетілгеннен кейін іздеуші Ұлы Отан соғысы кезіндегі ата-бабаларымыздың ерліктері, «Майдан жолы» зерттеу отрядының қызметі мен қажырлы еңбегі туралы айтып берді.
-Оқушылар сарайының мұражайына келгеніміз үшін өте қуаныштымыз. «Майдан жолы»  іздеу отряды туралы оның немен айналысып жатқанын білу өте қызықты болды. Мұндай іс-шаралар біздің балалар үшін өте маңызды. Олар ата-әжелерінің тарихын, өткенін білуі керек,  - деді Ляззат  Аминова А.Байтұрсынұлы ат. инновациялық типтегі ЖОМ-нің 8 «д» сыныбының жетекшісі.
Оқушылар «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының экспонаттарын зерттей отырып, тарихқа көз жүгіртті. Іс-шара барысында мұражай жетекшісі Бахыт Аралбаева көрме бойынша экскурсия өткізді. Іс - шара «Жеңіске 79 қадам - 79 ерлік сабағы» акциясы аясында ұйымдастырылды.