Ұлы даланың ұлы ойындары

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Великие игры великой степи Великие игры великой степи
Великие игры великой степи Великие игры великой степи

11 желтоқсан күні  Оқушылар сарайында «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени – ағартушылық  жобасының  іске асыру  мақсатында «Мирас» облыстық клубы «Ұлы даланың ұлы ойындары» атты шеберлік сабағын өткізді.

Бұл шараның қонақтары: Кожабеков Еркин Женисович - Асық ату бойынша төреші, жаттықтырушы; Қаирғали Тамина - ЖОББМ оқушылары арасында 53-ші қалалық кешенді спартакиада бағдарламасында асық ату және бес асық ойындарының жүлдегері;  Даутов Нурали - ЖОББМ оқушылары арасында 53-ші қалалық кешенді спартакиада бағдарламасында асық ату және бес асық ойындарының жүлдегері  қатысты.  
Асық ойнап, ұлттық ойындардың тарихын зерделеуге Павлодар қаласының Мұзафар Әлімбаев, Ж. Ташенов, Қ.Бекхожин атындағы ЖОББМ мен № 26 ЖОББМ-нің оқушылары келді.
«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» жобасының екінші тоқсанында еліміздің мектептерінде «Алтын сақа» олимпиадасы бойынша Қазақстан ұлттық ойыны «Асық» ойындарының түрлері туралы іс-шаралар кеңінен өткізіліп жатыр.
Шара барысында  оқушылар асық ойындарымен  жете танысып, көкейдегі сұрақтарын қойды. Тамина Қаирғали қыздардың ойындары бойынша шеберлік-сабақ көрсетсе, ал Даутов Нурали асық атудан өз шеберлігін ортаға салды.
-    Ойынға қатысушылар асық ойнауды жақсы білсе, біреулері бұл ойындармен жаңа танысып қана қоймай, өз қызығушылықтарын білдіріп, болашақта Оқушылар сарайына асық атудан сайысқа келуге ниеттерін білдірді. Ұлттық ойындар - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы, - деді іс-шара ұйымдастырушысы Майя Темірболатова.