![]() |
![]() |
Жаз - бұл балалардың ең сүйікті мезгілі. Павлодар қаласы М.Катаев ат. Оқушылар сарайы жаз мезгілінде мектепалды лагерьлеріне арналған «Жаз bala Fest» 7000 мың баланы қамтитын лагерді ұйымдастырды.
Бұл жерде оқушылар 50-ге жуық студиялар мен клубтарға қатыса алады. Балалар ғылыми-техникалық, астрономия, робототехника, IT, журналистика, экологиялық, көркемөнер, қолданбалы сән бағыттары бойынша сабақ алады.
Бүгін 5 маусым күні балалар, «Шебер қолдар», «Занимательное ИЗО», «Creative» - шаш өнері» шеберлік сабақтарға қатысты.
Оқушылар сарайының вокал және би ұжымдары лагерь балалары үшін «Жаз келді, балақай» атты концерттік бағдарламаны даййындады.
Бұл лагерге келген балалар жаз мезгілін қызықты, әрі тиімді өткізеді.