«Жас Ұлан» штабының көшбасшылары Шығыс базарын ұйымдастырды

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Восточный базар» устроили лидеры штаба «Жас Ұлан» «Восточный базар» устроили лидеры штаба «Жас Ұлан»
«Восточный базар» устроили лидеры штаба «Жас Ұлан» Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»

2023 жылдың 10 мамыр күні «Жас Ұлан» штабының көшбасшылары Павлодар қаласының оқушылары үшін Шығыс базарын ұйымдастырды. Олар іс-шараның бағдарламасын және арнайы «уланики» атты банкнотарды жасады.


Облыстық штабтың президенттері «Әкімдік», «Әкімшілік», «Банкирлер» лауазымдарына бөлінді.
Мектеп оқушыларына өз бизнесін ойлап табу, содан кейін оны жүргізуге рұқсат алу, бизнесті дамыту үшін несие алу ұсынылды. Барлық қатысушылар жұмысқа белсенді түрде кірісті. Әркім мүмкіндігінше қомақты қаражат табу мақсатында өзінің алғашқы бизнесін ойлап тапты.
Ш.Шокин ат. ЖОМ-нің оқушысы жеңімпаз атанды. Ол «Жыл бизнесмені» атағына ие болды. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды. № 36 ЖОМ-нің 1 сынып оқушысы массаж жасаудың жоғары түрін ұсынып, өз жұмысына 16 300 ұпай жинап алды.
Балалар «Сән индустриясы», «Мобилограф қызметі», «Көгершіндерді қорғау» атты бизнес жобаларын ұсынып, өзекті тақырыптарды талқылап, олардың іске асырылуын айтып берді, - деді әдіскер Айжан Оразбаева.