Шығыс-Қазақстан облысының оқушылары «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайында қонақта болды

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Школьники из Восточно-Казахстанской области посетили музей «Деды-ветераны, внуки-следопыты» Школьники из Восточно-Казахстанской области посетили музей «Деды-ветераны, внуки-следопыты»
Школьники из Восточно-Казахстанской области посетили музей «Деды-ветераны, внуки-следопыты» Школьники из Восточно-Казахстанской области посетили музей «Деды-ветераны, внуки-следопыты»

2023 жылдың 12 мамырында Оқушылар сарайында «Бұл күндер ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу өтті. Павлодар қаласының №39 ЖОББМ оқушылары мен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Таврия орта мектебінің оқушылары үшін «Майдан Жолы» жасағының жас іздеушісі Кох Арина «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайы бойынша экскурсия өткізді. Балалар «Ұлы соғыс» киносы  «Берлин үшін шайқас» сериясындағы оқу-танымдық бейне үзіндісін Ұлы Отан соғысының соңғы шайқастары мен фашистік Германия - Берлиннің ұясын алу кезіндегі кеңес сарбаздарының батырлығы туралы тамашалады.

Школьники из Восточно-Казахстанской области посетили музей «Деды-ветераны, внуки-следопыты» Школьники из Восточно-Казахстанской области посетили музей «Деды-ветераны, внуки-следопыты» 


Мұражай жетекшісі Бақыт Бекқожина «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының жұмысы жайлы айтып, бейне-экскурсия жасады.  Сондай-ақ «Ертіс» телеарнасының «Майдан Жолы» отрядының КСРО Батыры М.М. Катаевтың жерленген жерінен жермен бірге капсуланы мұражайға бергені туралы репортажын ұсынды.
Келген қонақтар «Біздің сынып, біздің жетістіктер» атты таныстыруларын ұсынып, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78-жылдық мерейтойына орай сахыналық қойылым көрсетті.
Кездесу соныңда мұражайға Ж.Жангозиннің «Ұлан есімі – ұлағат бесігі / Обетованная земля уланская» атты кітап сыйлыққа табыстады.
Қонақтар Оқушылар сарайының жұмысымен танысып, планетарий, обсерватория және жасыл технология кабинетінде экскурсияда болды.
-  Таврия орта мектебінің 6- сынып оқушылары өз туған өлкесінің тарихын тек қана мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның әр түрлі қалаларына барып танысады. Бізге Павлодар қаласы, Оқушылар сарайы өте ұнады. Мұражай жетекшісі Бахыт Беккожинаға қонақжайлығы үшін алғыс айтамыз, - деді сынып жетекшісі Сауле Нуртазова.
2023 жылдың 13 мамыр күні Оқушылар сарайында Қазақстанның Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының іздеу бірлестіктерінің дөңгелек үстелі өтті. Ол Отанды қорғау кезінде қаза тапқандарды еске алу мен Жеңіс күніндегі аймақтық ынтымақтастыққа арналған.
Қатысушылар проблемаларды талқылады, жұмыс тәжірибесімен бөлісті және тарихи ескерткіштерді сақтау бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Шығыс Қазақстан облысының іздестірушілері ШҚО іздеу қозғалысының үйлестірушісі Зәуреш Ерсайқызы Байкеновадан бағалы сыйлықтар әкелді, бұлар 1941-1945 жылдары ШҚО-ға шақырылған жауынгерлердің қысқаша өмірбаяндық деректері бар «Боздақтар» кітаптары және павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағына салтанатты түрде сыйға тартылды.
Іс-шара аясында «Майдан жолы» Павлодар іздеу жасағының командирі Александр Шитов Еркін Оразғалиевке Петр Николаевич атамыздың медалін және Абай облысы Семей қаласының мұражайында ескерткішті сақтау үшін эксгумация хаттамасын табыс етті.