Оқушылар сарайында облыстық жобалардың іске асырылуы туралы айтылды

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
О реализации областных проектов говорили на вебинаре во Дворце школьников Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»
О реализации областных проектов говорили на вебинаре во Дворце школьников Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»

2023 жылғы 13 сәуірде әдістемелік бөлімі облыстық вебинар өткізді, онда Павлодар облысының жас ұрпағын тәрбиелеудің 2022-2023 оқу жылындағы тұжырымдамасы шеңберінде жобалар мен іс-шараларды іске асыру қорытындылары шығарылды.

Вебинарға облыстың 100-ге жуық МДТЖО қатысты. Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Баглан  Ашенова  облыстың қалалары мен аудандарында жобаларды іске асыруға қатысу белсенділігінің мониторингін ұсынды, аяқталған жобаларды қорытындылады және келесі оқу жылына арналған перспективалық жұмыс жоспарын ұсынды.
«ЭКОboom» жобасы ең ауқымды жобалардың бірі болып саналады.
Оқушылар сарайының әдіскері, «Biogreen» студиясының жетекшісі  Айгерим Оразбаева  жоба шеңберінде 6 акцияның іске асырылуы және өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы айтып берді. Вебинарда жобаларға белсенді қатысатын білім беру ұйымдарын оқу жылының соңында марапаттау туралы шешім қабылданды.