«Педагогикалық идеялар 2023» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Поздравляем победителей конкурса «Педагогические идеи 2023» Поздравляем победителей конкурса «Педагогические идеи 2023»
Поздравляем победителей конкурса «Педагогические идеи 2023» Поздравляем победителей конкурса «Педагогические идеи 2023»

2023 жылдың 1 қаңтардан 15 наурыз аралығында Оқушылар сарайында «Педагогикалық идеялар 2023» облыстық қашықтықтан конкурсы өтті.
Аталмыш конкурсқа 51 қосымша білім беру және орта жалпы білім беру мұғалімдері қатысқан болатын. Конкурсқа Май, Ақтоғай, Баянауыл және Железин аудандарынан, Павлодар және Екібастұз қалаларынан жұмыстар қабылданды.


Конкурсқа қатысушылар «Білім беру қызметі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие», «Әдістемелік жұмыс», «Педагогтың ғылыми шығармашылығы», «Педагогтің әдеби-эстетикалық шығармашылығы», «Педагогикалық жоба», «Шығармашылық бағыт» деген 7 номинация бойынша қосымша білім беру жүйесінде заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларды ұсынды.
Байқаудың қазылар алқасы ретінде Заречная Ольга Петровна – «Өрлеу « БАҰО» АҚ «Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының бас әдіскері Қасенбекова Диана Бейсенбекқызы – «Өрлеу «БАҰО» АҚ «Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының әдіскері шақырылды.
Қазылар алқасы байқауға ұсынылған жұмыстардың авторлық инновацияларды, өзектілігін, презентация логикасын, өзіндік ерекшелігін, практикалық бағытын бағалады.
-Заманауи педагогикалық тәжірибені насихаттау және танымал ету, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде қосымша білім беру педагогтерінің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру конкурстың басты мақсаты болды,- деді әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Баглан Ашенова.

Конкурстың келесі педагогтері жеңімпаз атанды:
 «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша:
2 орын - Гумарова Маргуль Бультеновна
3 орын - Ермакова Любовь Александровна
3 орын - Аскарова Күнсая Амангелдіқызы
3 орын - Иванова Марина Геннадьевна
3 орын - Токтаган Нургүл
 «Педагогикалық жоба» номинациясы бойынша:
3 орын - Айдабулова Алтынай Тулеубаевна
3 орын - Джамбусинова Карлыгаш Кайрбековна
3 орын - Шавдирова Айнагуль Сарсенбаевна
 «Шығармашылық бағыт» номинациясы бойынша
3 орын – Алькенова Гаухар Бахытовна

Дипломдарды жүктеу