«PAVLODARNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі жас тілшілерді марапаттады

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Информационное агентство «PAVLODARNEWS.KZ» наградили юнкоров Информационное агентство «PAVLODARNEWS.KZ» наградили юнкоров
Информационное агентство «PAVLODARNEWS.KZ» наградили юнкоров Информационное агентство «PAVLODARNEWS.KZ» наградили юнкоров

Оқушылар сарайы «Қаламгер» студиясының тәрбиеленушілері ақпан айында «PAVLODARNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі ұйымдастырған сюжеттер конкурсына қатысты.  
Аталмыш конкурс ақпараттық агенттігінің 10-жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Информационное агентство «PAVLODARNEWS.KZ» наградили юнкоров Информационное агентство «PAVLODARNEWS.KZ» наградили юнкоров 


Байқау ережелеріне сәйкес қатысушылар барлық адамдарға қызықты болатын облыс тұрғыны туралы шағын бейне-сюжет түсіруі керек еді.  Тапсырманы алғаннан кейін жас журналистер өз сюжеттері үшін кейіпкерлерді іздей бастады.
Бибігүл Толегенова «Огненный сюжет» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол Павлодар қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Нұрлан Тұмайкеновтен сұхбат алды. Жас тілші өрттің пайда болу себептері, оның салдары мен өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт сөндіруші мамандығы туралы білді.
Елдана Ержан «Через тернии к звездам» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Елдана Оқушылар сарайының обсерватория басшысы Виталий Анатольевич Радченко туралы сюжет жасады. Ол Виталий Анатольевичтің бала кезінен астроном болуды армандағанын, сонымен қатар қазіргі таңда осы мамандық бойынша жұмыс жасап жүргені туралы білді.  
Інжу Аипова «Коротко о сложном» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ол Афанасьева Дина Темирканатовна туралы бейне түсірді. Дина –Торайғыров университетінің «Computer Science» факультетінің студенті. Оның компьютерлік технологиялар саласында көптеген жетістіктері бар. Қазір ол «Computer Science» факультетінде оқиды, сонымен қатар Ресейде «red collar» компаниясында жұмыс жасайды.
«Қаламгер» студиясының жетекшісі Асем Аипова «Ұлттық құндылықты насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ол зейнеткер, халық шебері өскелең ұрпаққа ұлттық киімдерді тігуді үйрететін Сунгатова Галия Балтабайқызы жайлы бейне сюжет жасады.
- Байқауға көптеген жұмыстар түсті. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерін шығармашылық көзқарасы үшін, қызықты адамдарды тауып, материалды нағыз журналистер ретінде ұсынғаны үшін атап өткім келеді, - деді ақпараттық агенттігінің бас редакторы Ольга Бугаева.