Ұлттық ойындар сайысы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Ұлттық ойындар сайысы

2014 жылдың 24 қаңтарында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Бәйге» атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Сайысқа Павлодар қаласының №19, 22 мектептерінен оқушылар қатысты.

Сайыстың басты мақсаты - мектеп оқушыларына ұлттық ойындарды ойнату арқылы балаларды патриоттық тәрбиеге баулу. Оқушылар өзара жарысқа түсе отырып, «Сөз маржаны», «Бәйге», «Асық ойындары», «Таяқ тартыс», «Қол күресі», «Сақина салу» ойындарын ойнады.

Ұлттық ойындар сайысы

Балалардың ойынына қарап, ұлттық ойындарымыз жоғалып, ұмыт болып қалмағанына көзіміз жетті. Өсіп келе жатқан келешек мәңгі елдің ұрпағы өз ұлтымыздың ойындарын ойнап, саналы қазақ елінің кемеңгері болары анық!