Суретшімен сұхбат

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Интервью с художником Интервью с художником
Интервью с художником Интервью с художником

2023 жылдың 4 қаңтар күні оқушылардың қысқы демалысы мен «Табысқа апарар жол» жобасы аясында Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Журналистер одағының мүшесі және Көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі Тақырбасов Ерсін Қасқиұлымен кездесу өтті.

Интервью с художником Интервью с художником 

Интервью с художником Интервью с художником

Аталмыш іс-шараға «Палитра» бейнелеу студиясының жас суретшілері, «Қаламгер» студиясының жас тілшілері, А.Бөкейханов, Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ-нің оқушылары келді.
Оқушылар жерлес фотограф, атақты суретшінің шығармашылығымен танысты. Олар сұрақтар қойып, суретшінің әр-түрлі өнерге деген көзарасын білді.
Ерсін Қасқиұлы өмір бойы бейнелеу өнерімен айналысып келеді, оны  жерлесі, танымал ағартушы, тарихшы, этнограф, фольклортанушы, геолог, дипломат, жазушы, суретші Шоқан Уәлиханов шабыттандырады екен.
Балалар қонақтың Шоқан Уәлиханов туралы «Аққан жұлдыз» жұмысын және қонақтың басқа да шығармашылық жұмыстарын, бейнежазбаларды көруге қызығушылық танытты.
Еркін Қасқиұлы балаларды өзінің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстырды, қызықты адамдармен кездесулер туралы әңгімеледі, балаларға кескіндеме және фотография бойынша шағын шеберлік сабақ көрсетті.
Суретшінің өнерге баулып, тәрбиелеп отырған жеті немересі бар екен. Ол кішкентай немерелерінің жас кезінен салған суретерін жинастырып, кездесуде оқушыларға көрсеткен болатын.
-    Балалар мен сендерге үздік оқу, өнегелі болуларыңды тілеймін! Егерде сендер қоғамдық көлікте тұрып келе жатсаңдар, сурет салуға болады, ал егер де отырсаңдар сызбамен айналысуға болды. Суретші болып туу керек! Өмірді сүю керек, қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көріңдер, еңбекшіл болыңдар, сонда ғана барлық арман-мақсаттарына жетесіңдер, - деді Еркін Қасқиұлы.
-    Бүгін оқушылар танымал қазақстандық суретші Тақырбасов Ерсін Қасқиұлымен танысты. Ол өз ісінің майталман шебері, ол қылқаламмен ақ қағаз бетіне қазақ халқының болмыс-тіршілігін, батырлардың суретерін салғанды ұнатады. Туған халқының тарихын жақсы білетін, қазақ руларының шежіресін жақсы білетін Шоқан Уәлиханов суретші өмірінде үлкен орын алады, - дейді кездесу ұйымдастырушысы, әдіскер Әсем Аипова.