"Табиғатты бірге сақтайық" акциясы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Акция «Давайте вместе сохраним природу» Акция «Давайте вместе сохраним природу»
Акция «Давайте вместе сохраним природу» Акция «Давайте вместе сохраним природу»

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Ашық жүрек» еріктілер клубы «Табиғатты бірге сақтайық» атты акциясын өткізді. Аталмыш акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Акция «Давайте вместе сохраним природу» Акция «Давайте вместе сохраним природу» 

Акция «Давайте вместе сохраним природу» Акция «Давайте вместе сохраним природу»

Акцияның мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ ересектерді табиғатты қорғау проблемасына тарту, экологиялық сананы тәрбиелеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және табиғатты қорғау қызметіне баулу.
Қазіргі таңда әлемдегі қоқыс мәселесі – негізгі тақырыптардың бірі. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен тұтыну көлемінің артуына байланысты өнеркәсіптік жaәне тұрмыстық қалдықтардың саны күрт өсіп келеді. Әлемдік ластану адамдарға ғана жағымсыз әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Осы мақсатта «Ашық жүрек» клубының тәрбиеленушілері қоршаған ортаны қорғап, оны ластамаудың жолдары жазылған плакат пен буклеттер дайындап, орталық жағалауда қала тұрғындарына таратты.   
– Өтіп бара жатқан адамдармен әңгіме барысында қатысушылар тақырыптық парақшалар таратып, акцияның  мақсатын түсіндірді. Іс-шара барысында барлығы 50-ден аса буклеттер таратылды, – деп атап өтті еріктілер клубтың жетекшісі Ғалия Ермекова.