Оқушылар сарайында жас мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына мектеп өз қызметін бастады

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Школа молодого ЗДВР начала работу во Дворце школьников Школа молодого ЗДВР начала работу во Дворце школьников
Школа молодого ЗДВР начала работу во Дворце школьников Школа молодого ЗДВР начала работу во Дворце школьников

2022 жылдың 4 қараша күні М.Катаев ат.Оқушылар сарайында жас мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алғашқы курсы өтті. Отырысты Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Бағлан Ашенова бастады.

Мектеп аясында «МДТІЖО қызметін ұйымдастыру» оқу курсы ашылды. 0-ден 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар үшін оқуды ай сайын өткізу жоспарлануда. Аталмыш іс-шарада курс тыңдаушыларына «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері орындауға міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 қыркүйектегі толықтырулар енгізілген № 130 бұйрығына сәйкес негізгі нормалар түсіндірілді. Бағыттар бойынша тәрбие жұмысының негізгі аспектілері, жалпы жұмыстың құрылымы, бірізділігі мен формалары қарастырылды.
– Бүгінгі күні ашылған өзекті мәселелердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға кешенді көзқарас, - деді облыстық «Тәрбие алаңы» кеңсесінің меңгерушісі Камила Мадыгулова.