«Аққу» облыстық жобасы аясында жаңа оқу жылында алғашқы кездесу өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Первая встреча в новом учебном году прошла в рамках областного проекта «Акку» Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»
Первая встреча в новом учебном году прошла в рамках областного проекта «Акку» Поздравляем победителей фотоконкурса «Freeze time»

2022 жылдың 26 қыркүйек күні Оқушылар сарайында «Аққу» облыстық жобасы аясында  «Қыздар әдеп әліпбиі» атты дөңгелек үстел өтті.

 
Іс-шараға Б.Момышұлы, К.Бекхожин атындағы және №2, № 30 ЖОББМ-нің «Аққу» қыздар клубының қатысушылары келді. Кездесуге «Нұр - Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Бақытжамал Максилова және Бахыт Кашенова қатысты. Іс-шарада отбасындағы қыз балаға қатысты ұлттық тәрбие жайлы әңгіме қозғалып, қыз балаға қатысты ырымдар мен тыйымдар айтылды. Қатысушылар қызға тән әсемдік, сұлулық әлемі жайлы барлық сырларды біліп, қонақтар қыз тәрбиесіне қатысты мысалдар келтірді. Әсіресе қыздар шашбау, шолпының сырын біліп, болашақ отбасылық өмірге дайындық, тәлім-тәрбие, әдеп әліппесіне, қоғамдық жерлерде этиканы сақтау жайлы  тың тақырыптарға қанық болды.