«Біз және заң» облыстық шығармашылық конкурсы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Областной конкурс творческих работ «Біз және заң» Областной конкурс творческих работ «Біз және заң»
Областной конкурс творческих работ «Біз және заң» Областной конкурс творческих работ «Біз және заң»

2022 жылдың 18 мамыр күні Оқушылар сарайында «Біз және заң» құқықтың білім беруден шығармашылық конкурсы өтті.  Аталмыш шараға Ақсу қаласы №2 ЖОМ, Май ауданы Қазан ЖОМ, Ақтоғай ауданы Абай ат. ЖОМ, Ертіс ауданы Панфилов ЖОМ-нен 5 команда қатысты.

Финал 3 кезеңді қамтыды.
Бірінші кезең – командаларды таныстыру, екінші кезең - «Мен құқылымын» челленджі және «Өз құқығыңды біл» акциясы, үшінші «Бала құқығы – адам құқығы».
Қазылар құрамына «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің меңгерушісі, заңгер -  Мадыгулова Камила  Салимовна,  Павлодар облысының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бөлімінің басшысы - Темиргалиева Ирина Александровна,  Рахимжанов Ризат Русланович – «New vision team» ҚҚ директоры.
1 орын – Май ауданы, Қазан ЖОМ.
2 орын – Ақтоғай ауданы, Абай ЖОМ.
3 орын – Павлодар қаласы, № 28 ЖОМ.
3 орын -  Ақсу қаласы, № 2 ЖОМ
3 орын – Ертіс ауданы, Панфилов ЖОМ.
Облыстық байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды. Павлодар облысының полиция департаментінен Ақтоғай ауданы мен Ақсу қаласының командаларына кинологиялық қызмет көрсету орталығына бару және Павлодар облысы полиция департаментінің тарих және әскери даңқ мұражайына бару үшін сертификаттар табыс етілді.