Павлодар қаласының оқушылары ғарыш саласына байланысты білімдерін ортаға салды

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Знания истории космонавтики показали школьники Павлодара Знания истории космонавтики показали школьники Павлодара
 

2022 жылы 11 сәуір күні Оқушылар сарайында Павлодар қаласының № 6, 17, 23, 24, 36 ЖОМ-нің 7-сыныптары арасында «Полет в космос-2022» атты брейн-ринг өтті. Ойын ұйымдастырушылары «Жас Ұлан» БЖБ штабының және «Jas Otan» Жастар қанатының көшбасшысы Касимова Дильназ еді.

Знания истории космонавтики показали школьники Павлодара 

Знания истории космонавтики показали школьники Павлодара 

№23 ЖОМ-нің педагог-зерттеушісі Касимова Гульмира Саясатовна іс-шараның жүргізушісі атанды. «Полет в космос - 2022» атты брейн – ринг адамның ғарышқа ұшқанына 61-жыл толуына байланысты еді.
Қазылар алқасына Торағыров Университетінің физика және математика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Нурумжанова Куляш Алдангаровна, Инновациялық білім беру және дамыту орталығының әдіскері Осен Еркегуль, қалалық білім бөлімінің әдіскері Сабитова Назира Сейделеновна болды. Алты турдың барысында оқушылар ғарыш саласының тарихы бойынша білімдерін ортаға салды. Қортынды бойынша № 23 ЖОМ-нің командасы жеңімпаз атанды. Олар бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынға № 24 ЖОМ, екінші орынға № 36 ЖОМ, үшінші орынға № 17 ЖОМ-нің командасы қол жеткізді.
«Білімге құштар» номинациясы бойынша №23 ЖОМ-нің командасы марапатталды,
№ 6 ЖОМ-і «Жеңіске құштарлық» номинацияға ие болды.
Ойын қатысушылары «Ғарышқа саяхат» атты экскурсияға барып, планетариде кино көріп, кюар кодтарды пайдаланып кітап көрмесін тамашалады.