Оқушылар сарайында археология мектебінің тұсауы кесілді

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Во Дворце школьников презентовали археологическую школу Во Дворце школьников презентовали археологическую школу
Во Дворце школьников презентовали археологическую школу Во Дворце школьников презентовали археологическую школу

2022 жылдың 25 наурыз күні облыстық Оқушылар сарайында археология мектебі ашылды.
Бүгінде археологиялық-өлкетану бағытын дамыту үшін Оқушылар сарайы мен «Торайғыров Университеті» КЕАҚ бірлесіп жаңа жобаны құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Во Дворце школьников презентовали археологическую школу Во Дворце школьников презентовали археологическую школу 

Во Дворце школьников презентовали археологическую школу Во Дворце школьников презентовали археологическую школу

Теориялық сабақтарды өткізу үшін Оқушылар сарайында мамандандырылған арнайы кабинет жабдықталды. Археологияны оқыту жобасын археолог, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц басшылық етеді. Археолог 140-тан астам ғылыми жарияланымның авторы, Павлодар облысындағы палеолит және неолит тұрақтарын зерттеуші, Торайғыров Университетіндегі Ә. Марғұлан атындағы ғылыми-зерттеу орталығын басқарады.
Виктор Карлович және археология мектебінің педагогтері Оқушылар сарайының базасында балаларға арналған теориялық сабақтар өткізіп қана қоймай, қазба жұмыстарында зерттеу экспедицияларын ұйымдастыратын болады. Енді университет оқытушыларының көмегімен Ертіс өңірінің жас арехеологтары осы саланың қыр-сырын меңгеріп, өздері үшін көптеген жаңалықпен танысып, болашақ мамандықтарына жол ашады. Археологиялық мектептен дәріс алып жүрген балалар осы жазда естен кетпес экспедицияға барады.
-    Павлодар өңірінде археология дәстүрлері көнеден келе жатыр.  Қазақстан археологиясының негізін салушылар Ертіс-Кереку елінен шықққан атақты ғалымдар. Археология мектебінде өткізілетін сабақтардың көмегімен оқушылар өлкесінің тарихын, ежелгі тарихты зерттейді, Павлодар облысы бойынша археологиялық экспедицияларға барады, - деді Виктор Мерц.