Оқушылар сарайында Роза Мұқатаевамен кездесу өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Во Дворце школьников прошла встреча с Розой Мукатаевой Во Дворце школьников прошла встреча с Розой Мукатаевой
Во Дворце школьников прошла встреча с Розой Мукатаевой Во Дворце школьников прошла встреча с Розой Мукатаевой

2022 жылдың 27 қаңтарында Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы аясында қазақстандық әнші, актриса Роза Мұқатаевамен онлайн кездесу өтті.

Роза Мұқатаева шығармашылық жолын облыстық Оқушылар сарайында «Свет звезды» үлгілі ән театрында Елены Михайловна Вальконың ұстаздық етуімен басталды.
Бұл жылдары Геленджик,Челябинск, Болгарияда (Варна қ.) қалалары мен елдерінде өткен «Браво, дети!» Халықаралық конкурстарында бірінші орындарға қол жеткізді.
Роза «X-factor Қазақстан» телевизия музыкалық шоуға қатысқан соң елімізге таныла басталды. 2012 жылы «Viva, Italy!» атты Италияда өткен конкурсында бірінші орынды иеленді. 2013 жылы Роза Т.Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА «Эстрадалық вокал» факультетіне оқуға түседі.
Жас актриса продюсер Ерлан Алимов және музыкалық продюсер Али Оқаповпен жұмыс жасайды. «Қазақстан Дауысы» конкурсында жеңіске жетіп Мадина Садвақасовамен өнер көрсетеді.
Онлайн кездесу барысында Роза оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қазіргі таңда актерлік қызметпен айналысып жүргені туралы баяндап берді.
2016 жылы Р.Мұқатаева «Айман-Шолпан» сериалына түсіп, жас медбике Еңліктің рөлін сомдайды. Ал сол жылдың күзінде «Сүйе білсең» көркем сериалында жас суретшінің рөлін ойнады. Кино өнерімен қатар Роза авторлық әндер жазады, «Әсем әнмен тербе» әніне алғашқы бейнебаянын түсірмек.
Онлайн кездесуді «Жас Ұлан» ББЖҰ облыстық штабы өткізді.