«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар конкурсы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Областной конкурс проектов «Карта коррупционных правонарушений» Областной конкурс проектов «Карта коррупционных правонарушений»
Областной конкурс проектов «Карта коррупционных правонарушений» Областной конкурс проектов «Карта коррупционных правонарушений»

2022 жылдың 11 қаңтарынан 18 қаңтар аралығында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық картасы» облыстық жобалар конкурсы өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша ағарту және тәрбие жұмысы. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін жастардың қатысуымен айқындау. Облыстық конкурсқа қала мен облыстың жалпы орта білім беретін 5-9 сынып оқушыларынан 26 қатысушы қатысты. Жобалар конкурсына «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар картасы», «Ұлттың басты жауы - сыбайлас жемқорлық» сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар картасы» жобаларды қорғау секциялары бойынша жұмыстар қабылданды. Әділқазылар алқасының мүшелігіне «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанындағы «Ақпараттық-ағартушылық штабының» басшысы, Павлодар қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша штаттан тыс кеңесшісі Жанғазы Еркеғали Жұмабайұлы; «Әділет жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы филиалының басшысы Қайырденова Нұргүл Әментайқызы; «Здоровая нация» ҚҚ атқарушы директоры Рахимжанов Ризат Русланұлы кірді.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:
Бірінші секциясында
Бас жүлде -  Кремер Милана, № 16 ЖОББМ Павлодар қаласы ие болды.
1 орын – Абдулхамид Ильяс, Лебяжі ЖОББМ, Аққулы ауданы.
2 орын - Арманұлы Қасым, № 34 ЖОББМ, Павлодар қаласы, Кейлер Алёна, № 17 ЖОББМ, Павлодар қаласы;
3 орын - Солтанов Ансар, «СОШ села Калкаман» г. Аксу, Канатова Жания,  Баянауыл ауданы  Ш.Шөкин атындағы №2 ЖОББМ.

Екінші секциясында:
Бас жүлде– Сәрсембай Мадияр, Мүткенов атындағы ОМ, Ақтоғай ауданы,
1 орын – Канагатова Даяна, Ұзынсу ЖОББМ, Ертіс ауданы,
2 орын - Валиева Алина, Лебяжі ЖОББМ Аққулы ауданы, «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері Тереңкөл ауданы «Оқушылар үйі»;
3 орын - Ермек Аймира, Лебяжі ЖОББМ Аққулы ауданы, Бақтыкереев Елұстар, №2 ЖОББМ, Павлодар қаласы, Канжигалинов Дархан, Павлодар ауданы, Жаңа қала НЖББМ.