![]() |
![]() |
Оқушылар сарайында «Егемен елдің ертеңі – рухани қазынамызда» Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» кабинеттерінің облыстық қашықтықтан конкурсы өтті.
Конкурсқа Екібастұз, Баянауыл, Железин, Ертіс, Тереңкөл ауданы, Б.Ахметов атындағы жоғары колледж және Павлодар техникалық сервис колледжінен жұмыстар қабылданды. Конкурс қатысушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған бір маңызды оқиғаның бейнесі ұсынады. Іс-шара «Рухани жаңғыру» кабинетінде оқушылардың қатысуымен және құрметті қонақтарды шақырумен өткізіледі. Конкурсқа түскен барлық жұмыстар ереже талаптарына сәйкес болды.
-Байқау ұлттық рухты, мәдениет пен салт-дәстүрді, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, өз еліне, халқына мақтаныш сезімін қалыптастыру, - деді конкурс ұйымдастырушысы, Әсем Аипова.