![]() |
![]() |
М.М.Катаев ат.Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім...» атты бейне-эссе қашықтықтан конкурсы өтті.
Аталмыш конкурсқа Ақтоғай, Аққулы, Баянауыл, Ертіс, Железин, Май, Тереңкөл, Павлодар аудандарынан, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларынан қосымша білім беру мекемелерінен және қала мектептерінен 100-ге жуық адамдар қатысты. Байқауға Қазақстан Республикасының дамуы, Тәуелсіздіктің 30 жылындағы ішіндегі әр түрлі ғылым мен мәдениеттің жетістіктері туралы айтылатын шығармалар ұсынылады.
-Қазылар алқасы, шығармашылық жұмыстардың бірізділігін, бейнежұмыстардың сапалығын атап өтті, - деді конкурс ұйымдастырушысы Асем Аипова.