«Тәуелсіз Қазақстан» онлайн викториналық сайысы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Онлайн - конкурс «Тәуелсіз  Қазақстан» Онлайн - конкурс «Тәуелсіз Қазақстан»
 

2021 жылдың 5 қараша күні Облыстық Оқушылар сарайында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз Қазақстан» атты онлайн викториналық сайыс өтті.

«Отан оттан да ыстық», «Ұлы Жеңіске-ұрпаққа аманат», «Ғарыш әлемі», «Өнер. Ғылым», «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты бес бөлімді қамтыған додаға Павлодар қаласының №19 ЖОББМ және Баянауыл ауданы, Бірлік ауылының Ж.Ағаділов атындағы мектеп оқушылары қатысты.
Сайыста оқушылар қазақ халқының бастан кешкен тарихы,Ұлы Отан соғысында аталарының өшпес ерлігі жайлы айтып, Ғарыш әлемі туралы сұрақтарға жауап беріп, Тәуелсіздік тақырыптарына арналған мақал-мәтелдерді жалғастырды.
Сайыс қортындысы бойынша Павлодар қаласының №19 мектебі1 орынды иеленсе, Ж.Ағаділов атындағы мектеп 2-ші орынға жайғасты. Мектеп оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.
-Сайыстың мақсаты Отанына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Өткен тарихты ұмытпай, аталарының ерлігін мақтанышпен есте сақтап, тағзым ете білу, - деді ойын ұйымдастырушы Замзагул Айтыбаева.