«Әл-Фараби – Шығыстың ұстазы» атты онлайн конференция өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 29.12.2020 20:55
Онлайн конференция «Әл-Фараби – Шығыстың ұстазы» Онлайн конференция «Әл-Фараби – Шығыстың ұстазы»
Онлайн конференция «Әл-Фараби – Шығыстың ұстазы» Онлайн конференция «Әл-Фараби – Шығыстың ұстазы»

2020 жылдың 29 желтоқсанында Оқушылар сарайында Ұлы ғалым және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби - Шығыс ұстазы» атты онлайн-конференция өтті.

Конференцияға Павлодар қаласының № 19 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сапарова Әдия Өмірзаққызы, облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» клубының жетекшісі Гүлнар Баубекова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы орта мектеп, Б.Момышұлы атындағы мектептердің оқушылары қатысты. Қатысушылар өз баяндамаларында Әл-Фарабидің еңбектері жайлы, ұлы ойшылдың шығармалары туралы сөз қозғады. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназияның оқушылары Ерғали Назерке және Хауметқали Айтолқын Әл-Фарабиге арналған облыстық эссе байқауына қатысып, авторлық жазған эсселерін оқып берді. Баянауыл ауданының оқушысы Рустамбекова Камила ұлы ойшылдың философиялық еңбегі жайлы баяндама жасады.

Б.Момышұлы ат.ЖОМ-нің оқушысы Нурпеисова Карина Әл-Фарабидің нақыл сөздеріне талдау жасап, Ахметова Айлана Әл-Фарабидің өмірі жайлы қызықты фактілерге тоқталды. Әдия Өмірзаковна Әл-Фарабидің еңбегі жайлы айтып берді және ұлы ойшылдың еңбегін зерттеуге кеңес берді.

Гулнар Баубекова Әл-Фарабидің астрономия саласындағы еңбегі жайлы баяндады. Конференцияны ұйымдастырған «Каламгер» баспасөз орталығының жетекшісі Әсем Аипова.