![]() |
![]() |
2020 жылдың 30 қазан күні қазақстандық «Жылдың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында өткізілетін «Жас Өркен» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
![]() |
![]() |
«Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшысы, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Ровесник» клубының тәрбиеленушісі Данила Рыбин «Үздік волонтер» номинациясы бойынша Республикалық балалар сыйлығының Бас жүлдесін жеңіп алды. Данила - сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат топтарының облыстық байқауының жеңімпазы, «Павлодар - менің сүйікті қалам» аймақтық онлайн-байқауының жеңімпазы, Республикалық «Мың бала» атты Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауының қатысушысы.
2019 жылдан бастап Павлодар қаласының №20 мектебінің Ұланбасшысы. Оқушы қоржынында мектепішілік «КВН» лигасының екінші дәрежелі диплом, «ЖасҰлан» Республикалық балалар-жасөспірімдер штабы атынан алғыс, «Павлодар жүректері» қоғамдық қорынан алғыс хат, Павлодар қаласының Киокушинкай каратэден облыстық чемпионатындағы жеңісі үшін ІІІ дәрежелі дипломы бар.
Жас волонтерді құттықтаймыз!