«Байланыс бар!»

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

6 қараша күні қала мектептеріндегі газет редакторларына арналған қазақ және орыс тілдерінде «Байланыс бар!» семинар-тренингі өткізілді. Оған №№25,19,35,2,36,6,11,4 мектеп оқушыларынан барлығы 53 адам қатысты. Ұйымдастырушылары – Вайберт Елена Валентиновна, Кибатова Самал Бакубаевна.

«Есть контакт!»

Тренинг барысында балаларға мектеп пресс-центрін құру, оның жұмысын реттеу және мектеп газетін шығару бойынша пайдалы кеңестер берілді. Қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарға да жауап алды. танымдық ойындар ойнады. Әр қатысушыға «Сенің әлемің – Твой мир» газеті авторларына нұсқаулық» таратылып, газеттің бір номері сыйға берілді.