![]() |
![]() |
2019 жылдың 23 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымдастырған «Жыл үйлестірушісі» атты облыстық конкурс өтті.
Конкурстың мақсаты - Павлодар облысы бойынша жоғары мамандырылған талантты педагогикалық жұмыскерлерді анықтау және қолдау. Конкурстың қортындысы бойынша бас жүлдені Аққулы ауданының үйлестірушісі Г. Жиеналина жеңіп алды,1-ші орынды Павлодар қаласының №13 мектебінің ТЖБМДО Д. Нургалиева иеленді, 2-ші орынды – Шарбақты ауданының үйлестірушісі К.Каирханов, 3-ші орынды Шулембаев атындағы мектептің ТЖБМДО - А. Жакупова жеңіп алды.
Үйлестірушілерді марапаттау 2019 жылдың 17 мамыр күні «Үздік Ұлан көшбасшы» атты қортынды жиынында өтеді.
- Конкурсқа қатысушылар эссе, портфолио, авторлық жоба, ғылыми-әдістемелік журналдарда басылым, өздерінің педагогикалық ізденістерін ұсынды, - деді Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның аймақтық хатшысы Самал Сулейменова.