Кітапхана жұмысындағы жаңашылдық

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 26.02.2018 16:14
Инновации в работе библиотек Инновации в работе библиотек
Инновации в работе библиотек Инновации в работе библиотек

22 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Оқушылар мен педагогтерге қітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету. Кітапхананың құжатын рәсімдеу» бойынша мектеп кітапханашыларының облыстық оқыту семинары өтті. «Өрлеу» біліктілікті көтеру институтының кітапхана меңгерушісі Марина Воротникова педагогтарды ақпараттандыру жұмыс бағытының жаңашылдығына тоқталды.

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың көрме және мәдени бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Марал Таженованың баяндамасынан семинар қатысушылары оқырмандармен жұмыстың заманауи формаларымен танысты. Екібастұз қаласы №18 жалпы білім беру кітапханасының меңгерушісі Салтанат Тасбулатова мектеп кітапханасының құжаттарын рәсімдеуіне көп көңіл бөлді. Оқушылар сарайының кітапханашысы Татьяна Суворова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған «Оқырман халық» атты республикалық акциясын өткізу және ұйымдастыру бойынша мектеп кітапханашыларына кеңестер ұсынды.

Семинар жұмысына Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Лебяжі, Май, Павлодар ауданы, Шарбақты ауданы, Ақсу және Павлодар қаласынан 43 кітапханашы қатысты.