![]() |
![]() |
Оқушылар сарайында 2017 жылдың 28 қараша күні Павлодар қаласының мектеп оқушылары үшін «Дос болайық бәріміз» атты балалар қоғамдық қабылдауы өткізілді. Аталмыш іс-шарада Павлодар қаласының №№11,13,18 ЖОББМ-нің 5-7 сыныптар үшін достық туралы практикалық тренинг, рефлекция өткізілді.
Оқушылар қоғамдық қабылдауда мектеп қабырғасындағы достық жайлы, мейірімділік, кішіпейілдік туралы шешендік сөздерді талқылып, мақал-мәтелдер оқыды. Балалар нағыз достық туралы ережелер шығарып, қарым-қатынас жасаудың кодексін ойлап тапты. Адам баласының бойындағы достыққа кері әсер тигізетін жаман қасиеттерден аулақ болуды еске салды.
«Дос болайық бәріміз» атты балалар қоғамдық қабылдауында 43 оқушы, 3 педагог қатысты.