Еріктілер жарысқа шықты

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 18.09.2017 13:33
«В бой» идут волонтёры «В бой» идут волонтёры
«В бой» идут волонтёры «В бой» идут волонтёры

15 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде «Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдер қалалық штабының кеңейтілген отырысы өткізілді. Мектеп көшбасшыларынан құралған үш фракция жұмыс жасады.

Әрбір фракциялар өздерінің жобасын ұсынды. Үш жоба ұсынысқа түсті. Қоғамдық тыңдауларда Ұланбасылар мен еріктілер отрядының командирлері «Әлем менсіз болмайды» жобасын ұсынды. Жас патриоттар «Соғыс сіздің отбасыңызға қалай әсер етті» атты кең ауқымды аймақтық акция өткізу идеясын ашты. Мектеп омбудсмендері мен «Адал Ұрпақ» командирлері «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты облыстық акцияның концепциясын  ұсынды. Аталмыш отырыста көшбасшылар «Жас еріктілер» және ұланбасылар қауымдастығын құру бойынша өз ойларын білдірді. Балалар барлық үш жобаны дайындау мен іске қосу мерзімін анықтады.