Астана туған күнің құтты болсын!

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 05.07.2017 11:42
С днём рождения, столица! С днём рождения, столица!
С днём рождения, столица! С днём рождения, столица!

«Шуақты жаз - Радужное лето» мектепалды жазғы лагерь өз жұмысын аяқтады. Мектеп оқушылары 5 шілде күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайына соңғы осы жазда соңғы рет келеді. Бұл күнгі қонақтарға ойын бағдарламасы өткізілді. Вокалдық және би студияларының жас әртістері «Ару кала Астана» атты концерт көрсетті.

«Білімпаз» эстетикалық білім беру және дамыту студиясының тәрбиеленушілері 3-5 шілде аралығында Елорда күніңе орай іс-шаралар өткізді.

Студия педагогтары мектепке дейінгі балалар үшін «Астана – таңғажайып қала» атты деректі фильм көрсетіп, Астананың көрікті жерлері туралы баяндап берді. Төртінші шілде күні балалар «Астана – болашақтың қаласы атты» суреттер бәйгесіне қатысты. Бесінші шілде күні «Қазақстан елі бойынша саяхат» атты танымдық викторинаға қатысты.  

Оқушылар сарайының көркемөнер бөлімінің тәрбиеленушілері 6 шілде күні Елорда күніне арналған Орталық жағалауда өткізілетін концертке қатысады.