![]() |
![]() |
2016 жылдың 11 наурыз күні Оқушылар сарайында «Халық мұрасы» домбыра ансамбльдерінің облыстық фестивалінің іріктеу кезеңі болып өтті. Бұл турда 78 қатысушы, 10-17 жас ерекшелік аралығындағы 7 домбыра ансамбльдері өнер көрсетті.
![]() |
Оқушылар сарайының үлкен залында Ақсу ауданы Алғабас ауылының «Мұрагер» домбыра ансамбілі және Ақтоғай ауданы Қ.Ыдырысов атындағы ЖОМ-нің «Гәкку» балалар ансамбілі күйлерін төкті. Павлодар қаласынан «Жасдарын» мектебі және №10 мектеп-лицейінің жоғары және кіші тобы және Оқушылар сарайының «Жасекпін» ансамбілі болды.
25 наурыз күні Оқушылар сарайында фестивальдің қортыңды кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталады.