![]() |
![]() |
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық-би клубы «Love Story-2016» атты спорттық-балдық ашық би турнирінен 8 алтын медальдарға ие болды. Бұл турнир 21 ақпан күні Семей қаласында Жастар және балалар шығармашылығы сарайында өтті. Аталмыш жарысқа Семей, Павлодар, Риддер және Өскемен қаласынан келген би ұжымдарының басын қосты.
![]() |
«Анастасия» спорттық-би клубының бапкері Виолетта Никитинаның айтуы бойынша оның тәрбиеленушілері барлық біліктерін көрсетті. Көзге түскен Серікбосын Оспанов – Азиза Бектурова, Ислам Жагупаров – Анастасия Гарифуллиналар болды. Ал Амина Оразғали, Аружан Бопышева, Ясмин Бажаевалар – жоғары деңгейде өз өнерлерін паш етті.
Қазіргі таңда «Анастасия» спорттық-би клубы Мәскеу қаласында өтетін турнирге дайындық үстінде.