«Жаңа Star» студиясының тәрбиеленушісі – халықаралық байқаудың Гран-при иегері!

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
ВОСПИТАННИЦА СТУДИИ «Жаңа Star»  -  ОБЛАДАТЕЛЬ ГРАН-ПРИ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА! ВОСПИТАННИЦА СТУДИИ «Жаңа Star» - ОБЛАДАТЕЛЬ ГРАН-ПРИ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА!
ВОСПИТАННИЦА СТУДИИ «Жаңа Star»  -  ОБЛАДАТЕЛЬ ГРАН-ПРИ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА! ВОСПИТАННИЦА СТУДИИ «Жаңа Star» - ОБЛАДАТЕЛЬ ГРАН-ПРИ МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА!

2026 жылғы 7 қарашада Павлодар қаласындағы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының сахнасында «CREATIVE KZ» шығармашылық жобасы аясында «BACK TO STAGE» халықаралық көпжанрлы байқауы өтті.

Байқауға М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жаңа Star» вокалдық студиясының тәрбиеленушісі Браун Злата «Вокал» номинациясы бойынша қатысып, «Лесной олень» әнін нақышына келтіре орындады.
Жас әншінің таланты, сахналық шеберлігі мен әсерлі өнері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, нәтижесінде Злата байқаудың ең жоғары марапаты – БАС ЖҮЛДЕНІ  иеленді!
Жеңімпаз дипломмен, медальмен және естелік кубокпен марапатталды. Сондай-ақ вокалдық студияның педагогі З.К. Ельшибаеваға жас талантты кәсіби тұрғыда дайындап, шығармашылық қабілетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталды.
Бұл жеңіс – табанды еңбектің, талант пен өнерге деген сүйіспеншіліктің жемісі.
Златаны жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да өнер биігінен көрініп, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
«Жаңа Star» студиясының жұлдызды тәрбиеленушісімен мақтанамыз!