|
|
|
15 мамыр күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Театрдың ғажайып әлемі» атты республикалық театр өнері фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыстың 22 театр ұжымы қатысты. Фестиваль Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша қашықтық форматта ұйымдастырылды.
Фестиваль-байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің театр шығармашылығын қолдау және дамыту, оны рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің маңызды факторы ретінде қалыптастыру, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету, сондай-ақ өзін-өзі көрсету қабілетін және әлемді көркемдік-эстетикалық тұрғыдан тану дағдыларын дамыту.
Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары қатысты. Қатысушылардың жасы – 8-17 жас аралығы.
Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. «Драмалық спектакль»;
2. «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, балет, данс-спектакль және т.б.);
3. «Әдеби-музыкалық композиция»;
4. «Қуыршақ спектаклі».
Әр ұжым бір номинация бойынша сахналық қойылым немесе әдеби шығарманың инсценировкасын ұсынды. Қойылымдардың ұзақтығы 15–20 минуттан аспады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Драма» номинациясы:
Гран-при – Екібастұз қаласы, «Қайнар» білім беру-демалыс кешені, «Маска» үлгілі театр студиясы, жетекшісі – Ермакова Любовь Александровна.
1 орын – «МИГ» театр үйірмесі, жетекшісі Валова М.В., «Гимназия №3 дарынды балаларға арналған».
2 орын – «Дарабоз» театр ұжымы, жетекшісі Шитова Дидар Қузаировна, Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернаты.
3 орын – «Шабыт» театр студиясы, жетекшісі Гельметдинова Роза Ескандыровна, Тереңкөл ауданы ББ «Балалар үйі».
«Музыкалық спектакль» номинациясы:
1 орын – «Маска» театр үйірмесі, жетекшісі Ермакова Любовь Александровна, Екібастұз қаласы «Үміт» арнайы әлеуметтік қызметтер орталығы.
2 орын – «Жас актер» театр ұжымы, жетекшісі Бекмағанбетова Мирагуль Жумабаевна, Баянауыл ауданы Д.Рахметов атындағы ЖОББМ.
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясы:
1 орын – «Арлекино» театр студиясы, жетекшісі Калтаева Жанар Қайырбекқызы, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы.
2 орын – «Шабыт» театр ұжымы, жетекшісі Балкенова Гаухар Жекеновна.
3 орын – «Шаншар» театр ұжымы, жетекшісі Жетыбаева А.А., Май ауданы, Малайсары ауылы.
«Қуыршақ спектаклі» номинациясы:
1 орын – Павлодар қаласы №26 ЖОББМ, жетекшісі Сачанова Ш.Т.
2 орын – «Шабыт» театр ұжымы, жетекшісі Ибраева Рахима Нығыманқызы, Баянауыл ауданы.
3 орын – «Театрдың ғажайып әлемі» театр студиясы, жетекшісі Досымханова Күлшат Қуанышбекқызы, Май ауданы, Көктөбе ауылы.
Арнайы номинациялар:
«Үздік жас актриса» – Алетаева Алтына («Шабыт» театр студиясы).
«Үздік жас актер» – Теміршот Әміржан («Жас актер» театр ұжымы).
«Образды үздік сомдау» – «Ренессанс» театр ұжымы.
«Көркем сөз» – «МИГ» театр үйірмесі.
Қатысқаны үшін сертификат алған ұжымдар:
Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы №2 ЖОББМ, «Жаңа толқын» театры (Ақсу қаласы), №35 ЖОББМ, «Драм studio» (№17 бейіндік мектеп), №48 ЖОМ, «Теремок» үйірмесі (№15 ЖОМ), А.Шамкенов атындағы мектеп-лицей, №40 ЖОМ, Қалижан Бекқожин атындағы ЖОББМ және басқа да театр ұжымдары.
Фестиваль-байқау өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, облыс бойынша дарынды балалар мен жасөспірімдерді бір арнаға тоғыстырды. Қатысушылар жоғары актерлік шеберлік пен сахналық мәдениетті көрсетіп, шығармашылық әлеуеттерін паш етті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың театр өнеріне қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға зор үлес қосады.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру-демалыс кешенінің «Маска» үлгілі театр студиясы қорғайды (жетекшісі – Ермакова Любовь Александровна).
Ұжымға шығармашылық табыс, жарқын жеңістер және республикалық деңгейде сәтті өнер көрсету тілейміз!