Оқушылар сарайының бишілері «DANCE MANIA» халықаралық байқауында жоғары нәтиже көрсетті

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Танец, который говорит без слов: павлодарские коллективы покорили «DANCE MANIA – 2026» Танец, который говорит без слов: павлодарские коллективы покорили «DANCE MANIA – 2026»
Танец, который говорит без слов: павлодарские коллективы покорили «DANCE MANIA – 2026» Танец, который говорит без слов: павлодарские коллективы покорили «DANCE MANIA – 2026»

12 сәуір күні Павлодар қаласында хореографиялық өнердің «DANCE MANIA» халықаралық байқауы өтті. Аталған додада Оқушылар сарайының «Вдохновение» би ансамблі мен «Блэйз» эстрадалық би студиясы өз өнерлерін жарқын көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Танец, который говорит без слов: павлодарские коллективы покорили «DANCE MANIA – 2026» Танец, который говорит без слов: павлодарские коллективы покорили «DANCE MANIA – 2026» 

Байқау шығармашылық тәжірибе алмасуға, жаңа таланттарды танытуға және хореография өнерін дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар халық биінен бастап заманауи бағыттарға дейін түрлі номинациялар бойынша бақ сынады.
Павлодарлық ұжымдардың әрбір қойылымы терең мазмұн, жоғары техника және сахналық шеберлігімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
«Вдохновение» ансамблі тұрақты жоғары нәтижелер көрсетті:
•    ересек топ — заманауи би номинациясында І орын, халық және халықтық-стилизацияланған билерде ІІ орындар;
•    орта топ — заманауи би бағытында І және ІІІ орындар.
Ал «Блэйз» студиясының өнері нағыз жеңіске ұласты:
•    «Между строк» қойылымы 40 қатысушының ішінен озып шығып, Бас жүлдені (Гран-при) иеленді;
•    «Крылья степи» қойылымы халықтық-стилизацияланған би номинациясында ІІ орынға ие болды.
Әрбір би — қозғалыс арқылы баяндалған тұтас бір оқиға. Қатысушылардың әртістік шеберлігі, қуаты мен сахна мәдениеті көрерменді де, қазыларды да тәнті етті.
Барлық қатысушылар дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Ал жетекшілерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.
«DANCE MANIA» байқауына қатысу ұжымдар үшін тек жарыс қана емес, шығармашылық дамудың маңызды кезеңіне айналды. Павлодарлық бишілердің жетістігі — қажырлы еңбек, кәсіби шеберлік және өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі.